Абай                                       (1845-1904)


 

АБАЙ

                                      (1845-1904)                                      

           

АБАЙ (Ибраһим) Құанбаев (9.7(10.8).1845, казіргі Шығыс Казақстан обл. Абай ауд. Қасқабүлақ жайлауы—23.6(6.7).1904, сонда. Балашақпақ жайлауы,бейіті Жидебайда) - ұлы акын, философ, ағартушы, композитор. Ақынның арғы бабасы — Олжай батыр. Олжайдан Айдос, Қайдос, Жігітек. есімді 3 ұрпақ тарайды. Айдостың Айпара деген әйелінен Ырғызбай, Көтібақ, Топай. Торғай туады. Бұлардың әкесі момын, шаруа адамы, ал шешесі өткір тілді, өр мінезді әйел болған. Сол Айпара ана балаларына:

"Шынжыр балак, шұбар тос Ырғызбайым,

Тоқпақ жалды   торайғыр Көтібағым,

Әрі де кетпес, бері де кетпес Топайым,

Сірә да оңбас Торғайым", 

- деген  сипаттама берген (Әуезов М. Жиырма томдық шығармалар жинағы, Абай, 1985.26-б). Анасы айтканындай, Ырғызбай ортасынан оза шауып, ел баскарған. Ырғызбайдан Үркер, Мырзаттай, Жортар, Өскенбай тарайды, Өскенбайдың әйелі – Зереден Құнанбай туады, Құнанбай 4 әйел алған. Оның бәйбішесі Күңкеден — Қүдайберді, інісі Құттымұхамбетке айттырылып, калыңдык кезінде жесір калған соң, өзі алған екініші әйелі Ұлжаннан – Тәңірберді (Тәкежан), Ибраһим (Абай). Ысқақ, Оспан, үшінші әйелі Айғыздан Халиулла. Ысмағұл туады. Қартайган шағында үйленген кіші әйелі Нұрғанымыан ұрпак жоқ. Абайдың "Атадап алтау, анадан төртеу..." едім дейтіні осыдан. Болашақ акын сабырлы мінезіне, кен пейіліне сай ел анасы атанған "кәрі әжесі" Зеренің мол қазынадай аңыз ертегілерін естіп, абысын-ажынға жайлы. әзіл-қалжыңға шебер, жөн-жобаға жетік өз анасы Ұлжанның тәрбиесінде өсті.

Абай  бала кезінде ширак, пысық болмағанымен, елдегі шешен, ақын, ертегішілер әңгімесін тез ұғып алатын зеректігімен,  ынталылығымен ерекшеленген, Шортанбай, Дулат, Бұқар жырау, Марабай, Шөжелерді тыңдап өскен. Анасы Ұлжан да шешен болған, сөз қадірін білетін ортада өскен кісі. Оның ағасы (әкесі Тұрланның інісі) Тонтайдың өлерінде кожа-молдаларға карап: "Жазыла-жаэыла қожа-молдадан да ұят болды, енді өлмесек болмас",—дегені халық аузында  мәтел болып кеткен. Құнанбай кажыныңда кеңінен толғап сөйлер тереңдігі, өз тұстастарының ғана емес, шетелдік саяхатшылардың да назарына іліккен;  Құнанбай қажы "Ескітам" деген қоныстан медресе салдырып, өзінің және туыстарының балаларын окытқан. Абай сегіз жасында өуелі сол "Ескітам" медресесінде дәріс алып, ауыл молдасы Ғабит-ханнан оқыған. Әкесі онын зеректігін байқағаннан кейін, 10 жасқо толған соң Семейдегі Ахмет Риза медресесіне береді. Онда 3 жыл окыған, Медресенің үшінші жылында ол осы қаладағы "Приходская школаға" да қосымша түсіп, онда 3 ай орысша оқиды. Бұл тұста М.О. Әуезовтің "Өзі тұстас үлкен-кіші балалардың барлығынан сонағұрлым зейінді, ұғымтал жөне ерекше ықыласты болған. Дәрісте арабша кітапты молдасының бір окып, бір-ақ рет түрікшеге аударып берген сөздерін кі-тапка қарамай жатқа айтып шыға алатындай зерек бола-ды. Сонымен дәріс үстінде оқылатын сабақтарды ұғып білу Абайға өзге балалардан анағүрлым оңай тиген. Көп уақытын алмаған. Сондықтан барлық артылған уақытын Абай өз бетімен өзі сүйген кітаптарын оқуға жұмсап, көп ізденуге салынады. ...Оқуға кірген соң-ак, тез есейіп, ілім қуған кісінің калпына оңай түсіп кеткен. Оқыған кітаптың көбіне сынмен карай білетін, сезімді окушы бола бастаған. Өзінің әбден сүйіп, тандап оқыған ірі акындары болады. ... Сол бала күнінде жаттаған кейбір өлеңдері ұлғайып, көрілікке жеткен уақытына шейін есінен шықпаған, ұмы-тылмаған" деген тұжырымы болашақ ұлы ақынның калып-тасу кезеңін айғақтайды. Абай бір жағынан шығыс классиктері Низами, Сағди, Қожа Хафиз, Науаи, Физули, Жәми, тағы басқаларды оқыса, екінші жаганан А.С. Пушкин, А.И. Герцен, М.Е. Салтыков-Щедрин, Н.А. Некрасов, М.Ю. Лермонтов, Л.Н. Толстой, И.А. Крылов, Ф.М. Достоевский, И.С. Тургенов, Н.Г.Чернышевский мұраларын оқып, терең таныс болған, Батыс әдебиетінен Гете, Дж. Байрон сияқты ақындарды оқып, түрлі ғылым салалары бойынша зертгеулер жүргізілді. Есейген шағында, осы өзі оқыған философ,  ақын,  ғалымдармен тең дәрежеде пікір таластырып, олардың ішінен ірі ақындардың өзіне әсері болған кесек туындыларын қазақ тіліне аударған. Аударған өлеңдері көркемдік жағынан негізгі нұсқасымен тең түсіп, кейде асып та жатады. Құнанбай Абайдың өзге балаларынан ерекше зеректігін ерте сезіп, оны әрі карай оқытпай кайтарып алып, ел ісіне араласуға баулиды. Сөйтіп 13 жастағы Абай әке ықпалымен әкімшілік-билік жүмыстарына араласады. Ол әке касында болған жылдарда қазақ даласындағы әлеуметтік өмір қайшылықтарын жан-жақты тани түседі. Патша үкметінің отаршылдық саясаты мен пара-қор орыс әкімдерінің, жергілікті жарамсақ болыстар әрекеттерінің халық тағдырына кеселді, зияндылығын айқын түсініп, соған карсы батыл қимылдар жасаған. Алайда оның тамыры тереңде жатқанын, отарлау жүйесінің бел алып, елдің кұрсауда қалғанын сезіп күйзелген. Патша үкіметінің отаршылдық саясаты мен оның аярлығын түсінбей өзара қым-қиғаш айтыс-тартыска түскен, танымы таяз болыстар мен ел билеушілеріне қарсы күресуге бел буған Абай болыс сайлауына түсіп, жеңіп шығады. 1875 — 78 ж. Қоңыркекше еліне болыс болады. Бұл жылдары ез қолындағы билікті пайдаланып, әділдік таразысын тең үстауға кұш салды. Абай кейіннен, 1886 ж. Е.П. Михаэлистің ұсынысымен, Семей облыстық статистика комитетінің толық мүшесі болып сайланды. Абай 1880 ж. И. Долгополов, А. А. Леонтьевпен танысып, олармен тығыз қарым-қатынаста болған. Абай ел ісіне араласқан жылдарыңда әділеттілгімен, білімділігімен көрініп, халық арасында беделі өседі."

1885 ж. мамыр айында Шар өзенінің бойындағы Карамола деген жерде Семей ген.-губ. Цеклинскийдің басқаруымен Семей губ-на қарайтын 5 уездің 100-ден астам би-болыстары бас қосқан төтенше съезі өткізілді. Осы съезде төбе би болып сайланған Абайға "Семей казақтары үшін қылмыстық істерге карсы заң ережесін" өзірлеу тапсырылды. Абай  бастаған комиссия барлығы 93-баптан тұратын ережені 3 кұн, 3 түнде әзір етті. Бүл казақ кауымындағы әдет заңдарына да, патша өкіметінің халықгы канаушылыққа, зорлық-зомбылықка негізделген заңынада үқсамайтын, езгеше кұжат еді. Оның, әсіресе, ұрлық, қылмыс пен өйел мөселелер-не арналған баптары ерекше құнды. Бірақ Абайдың беделін өсірген Қарамола съезінен кейін оның қарсыластары көбейіп кетеді. 1890ж. Байғұлақ, Күнту деген кісілер бас таған 16 атқамінер Жиренше қыстауының шетіндегі Ши деген жерде Абайға карсы дұшпандық әрекетке сөз байласады. 1891 ж. Оразбай бастаған дау 1897 жылға дейін созылады. Бұл шиеленістің аяғы 1898 жылғы Мұқыр сайлауындағы жанжалға, Абай өміріне қастандық жасауға әкеп соқтырады. Ақын бұл жанжалдың барша жиренішті сырын, өзінің ақ екендігін Сенатка жазған хатында айғақты деректермен дәлелдеп береді". (Абай. Эн-циклопедия. А., 1995,49-бет). Ел баскару қызметінде барын-ша әділ болып, халық камын ойлаған, "тура биде туған жок, принципті ұстанған. Ғұмырының соңына қарай пенделік шаруалардан бойын аулақ салып, уақытының көбісін шығармашылыкка арнаған.

Абай үш өйел алған. Бәйбішесі Ділдәдан-Ақылбай, Әбді-рахман, Күлбадан, Әкімбай, Мағауия, Райхан; екінші өйелі Әйгерімнен - Тұрағұл, Мекайыл, Ізкайіл, Кенже, барлығы 7 ұл, 3 қыз сүйген. Келіндей алған әйелі Еркежаннан - ұрпақ, көрген жоқ.Абай өлең жазуды 10 жасында ("Кім екен деп келіп ем түйе қуған...") бастаған. Одан басқа ертеректе жазылған өлеңдері -"Йузи-рәушән", екіншісі - "Физули, Шөмси". Өлеңдерін кағаз бетіне 80-жылдардың ортасында түсіре бастайды. "Сап, сап, көңілім", "Шәріпке", "Абыралыға", "Жақсылықка", "Кең жайлау" өлеңдері 1870 - 80 жылдар аралығында жазылған. Ақындық қуатын танытқан үлкен шығармасы - "Қансонарда" 1882 ж. жазылган. Бастан-аяқ динамикалық суреттерден тұратын бұл өлең казак өдебиетінде калыптаскан дәстүрлі ұғымдардан өзгеше, ішкі ой иірімдері терең. Абай лирикасы жанрлық ерекшеліктері жағынан алғанда көп салалы,көп кырлы болып келеді. Ол казақ поэзиясында тіл кестесіне, сөз қолдануына да жаңа сипат дарыткан ақын. Абай поэзиясының тілінде адамның жан тебіренісін, көңіл толғанысын, жүрек лүпілін, сезімнің сан қүбылып ойнақшуын көрсететін сипаттамалар, эпитет, метафора және баска да бейнелі сөздердің жаңа, өзі шығарған соны үлгі - өрнектері мол. Мыс., "жүректің көзі", "жүректің оты", "көңілінің көзі ашық", "көңілдің жайлауы", "ой өлкесі" деген ауыспалы мағына туғызатын бейнелі сөздерді -метафораларды қолданады. Бірде ақын жүрегі кейіптеу бейне арқылы сипатталады: "Жүрегім менің - қырық жамау". Осындағы жұлқыланып, кескіленген, қырықка бөлінген, парша-парша болып бөлектенген жүрек бейнесі акынның өкінішін, арманын, қастандық-өшпенділіктен шеккен азабын, сүйенерге тірек таппай күйзеліп налуын, т.б. көркемдік шеберлікпен жеткізіп тұр. Абайдың ұлылығын танытатын өлеңінің бірі - "Өлсе елертабиғат, адам өлмес". Осы өлеңнің бастапқы тармағындағы сөздердің мәнісіне үңілсек, табиғат сөзін қалыпты мағынада алып, аспан мен жер, күн мен айды айтып отырған сияқты. Олардың өмірі адам өмірінен үзақ екені талассыз. Ескі филос. еңбектерде табиғат өлсе де, адам өлмейді деп, осы екеуін біріне-бірін қарама-қарсы қою кездеседі. Мыс., Сократ адамды табиғатқа қарсы қойып, әділдік, ізгілік секілді адамның жақсы қасиеттерін зерттеу қажет те, ал табиғатты зерттеу деген көңіл бөлуге түрмайды деп санаған. Таби ғат өзгереді, құриды, мәңгі өзгермейтін жаратушы бір Алла ғана деген үғым бар. Жақсы адамның өзі өлсе де, жаны өлмейді деген пікірді философтар да айткан. "Адам өлмес" деп бірден кесіп айтқан ойын Абай төмендегідей жалғастырады:

..."Ол бірақ кайтып келіп ойнап-күлмес,

"Мені" мен "менікінің" айрылғанын

"Өлді" деп ат қойыпты өңкейбілмес".

... Дәл осы өлеңінде "мен" және "менікі" деген үғымдарды Абай ажыратып, дәлірек айқындамайды. Келесі шумақта: ...

"Көп адам дүниеге бой алдырған,

Бой алдырып аяғын көп шалдырған," - дей келіп, алғашқы ойын енді тікелей жалғастырғандай:

"Өлді деуге сыя ма, ойландаршы,

Өлмейтұғын артына сөз калдырған..." - дейді. "Адам өлмес" дегеннің мағынасы өзі өлсе де, кейінгіге сөзі, айтқан ойы калады деген пікірге саяды. Абай  "Өлең сөздің патша сы" өлеңінде "сөз түзелді, тыңцаушы сен де түзел!" -деп жүртшылықган ақындық сөзге зор маңыз беріп қарау-ын, поэзияның жоғары қо-ғамдық міндетін түсіне білуін талап етті. Жаңа танымның баурап аларлық күшін, жаңа ақындық сөздің құнын әрбір адамның тани алатынына қа-зақ өмірінің сол кездегі жағ-дайында толық сенім арту қиын да еді. Абай оны жақсы тү-сінді, мүны оның "Мен жаз-баймын өлеңці ермек үшін" деген өлеңіндегі мына шумақ-тар толық дәлелдейді: ..." Шу дегенде қүлагаң тосаң-сиды, Өскен соң мүндай сөзді бүрын көрмей".

Бүдан біз ақын өлең-жырла-рывдағы жаңа, соны ой-пікір-лерді жүртшылықтың қалай кдбылдайтынына ерекше мән бергенін айқын аңғарамыз. Өлең-жырға көңіл қоятын кдуымнан мән-жайын түсініп байыбына жетуді талап етті. "Сыртын танып іс бітпес, сы-рын көрмей". Абай ақын халықтың тағдыры мен қасіретін терең түсініп, оның жоғын жоқгаушы болуға тиіс деп са-наған. А-дың өлеңдерінің ішінде мазмүны жағынан да, көркемдік бітімі жағынан да ерекшеленіп түрған үздік туындылар мол. "Сегіз аяқ", "Сен мені не етесің", "Қан сонарда бүркітші шығады аңға", "Кдлыңелім, қазағым, кайранжүргым", "Жаз", (Жаз-дыгүн шідде болғанда) "Жел-сіз түнде жарық ай", "Болыс болдым, мінеки", "Қызарып, сүрланып", "Келдік талай жерге енді", "Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма?", "Көк түман - алдындағы ке-лер заман" секілді өлендерінің кай-кайсысын алсақ та, мүлде тың дүние, шығармашылық жаңалық. Бүларға қоса "Ем таба алмай", "Ата-анаға көз куаныш", "Сағаттың шықыл-дағы емес ермек", "Нүрлы аспанға тырысып өскенсің сен", "Ауру жүрек ақырын соғады жай", "Өлсе өлер та биғат, адам өлмес", аударма өлеңдерден "Жалғыз жалау жалтылдап", "Жолғашықгым біржым-жырт түндежалғыз", "Қанжар", "Мен көрдім үзын қайың қүлағанын" сияқты тағы сан алуан шығармалар-ды атауға болар еді. Абай өлеңдерінің көбі не тақырыбы, не стилі, жанрлық сипаты неме-се өлең өрнегі жағынан мүлде жаңа болып келетіндіктен осы топка жатқызуға болады деген туындыларды түгел қамтып, бөліп алудың өзі өте қиын. Міне, осындай ондаған кемеліне келген өлең үлгілерін туғызған Абай соларға ұқсас, біртектес өлеңдер жазуға үмтыла бермейді. Әрине, қай ақында болсын бірнеше өлең-дер тақырыбы жағынан жалғас келіп отырады. Бұл сол тақырыпқа терендеп бару үппн кажет. Бірақ ол тақырып әр өлеңде әр қырынан ашылады. Абайдың сарқылмас шығармашылық тапқырлығы, оның қолынан шыққан кемеліне келген,  коркемдік бітімі жағынан мүлтіксіз өлең үлгілерінің көптігі және әрқайсысының бір-біріне үқсамайтын, жаңаша сипатты  дүние  болып келетіні. Абайдың тіпті дылдың төрт мезгілін суреттейтін "Қыс", ("Ақ киімді, денелі, ақ сақалды"), "Күз" (Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан"), "Жаз" ("Жаздыгун шілде болғанда'')."Жазғытұры" ("Жазғытұры қалмайды қыстың сызы") секілді бір топқа, циклге жататын қлендерініңі де әрқақайсы мазмұн-мағынасы, суреттеу тәсілі, кұрылысы жағынан әр түрлі болып шыккан. Сондай-ақ өлең, ән-күЙДІҢ мәнін. ақындық өнердің қасиетін бағалайтын,.тақырыбы жағынан бір-біріне жалғас "Өлең-сөздің  патшасы, сөз с арасы", "Біреудің кісісі өлсе, каралы-ол". "Мен жазбаймын.өлеңді ермек үшін". "Көніл кұсы құйқылжыр шартарапқа". ••Өзгеге көңілім тоярсың", "Адамнын кейбір кездері" деген шығармалары да ойды әр кырынан өрбітуі. пікір сонылғы, бейнелеу, айту ерекшелігі бойынша бір бірінен өзгеше сипатталған. Осындай бір-бірінс ұқсамайтын әр өлеңінде акынның өнерпаздық тұлғасы әр қырынан көрініп, жаңаша сипат табады. '"Өлсе өлер табиғат, адам өлмес". "Көк түман алдындағы келер заман". "Сағаттың шықылдағы емес ермск" деген сияқты өлеңдерін окысанда Абайойшыл акын екен деп танысак, "Жүрегім, нені сезесің", "Не іздейсін. көңілім, не іздейсің", "Жүрегім, ойбай, соқпа енді" секілді өлеңдерді оқығанда. Абай аскан сыршыл лирик акын-ау деп тамсанамыз. Ал "Қан сонарда бүркітші  шығады аңға". Жаздыгүн шілде болғанда". "Желсіз түнде жарык, ай".

"Жазғытұры қалмайды кыстың сызы" сияқты өлеңдерге назар салсақ.Абайдың өмір кұбылыстары сөзбен мүсіндеп, жанды бейнеге айналдырып сипаттауда алдына жан салмайтын суреткер ақын екеніне ден қоямыз.. "Сабырсыз, арсыз, еріншек", "Бөтен елде бар болса", тағы сондай туындыларға карап нағыз сыкақшыл. өткір мысқылға шебер ақын осындай-ақ болар десек. "Мәз болады болысың" атты өлеңді еске түсіріп,  әжуалап келемеждеудің мұндай да өте нәзік, өтімді түрі болатынына тәнті боламыз. Ғылым таппай мақтанба", "Интернатта оқып жүр" атты өлендердің  қазақ поэзиясында қалыптасқан насихат, өсиет үлгісіндегі нұсқалардан мазмұны да, ойды бейнелеп айту тәсілі де мүлдем өзгеше екені көңіл аударады. Ал "Сен мені не етесің, 'Ем таба алмай", "Қор болды жаным" секілді нәзік лирикалық туындылар қазақ поэзиясында бұрын орын теппеген сыршыл лириканың жаңа үлгілеріне екені айқын аңғарылады.. Абайдың әр өлеңінде оның осындай ақындық тұлғасына жаңа бір қырынан танытатын өзгешілігі болады десек, олар іштей астасып жатқан сипат, қасиеттер екенін де айтуымыз керек. "Сегіз аяқты" окығанда мұнда терең сыршылдық. ғиратты насихатшылыдқ, бейнелеп суреттеуге, тіпті өлең өрнегін өзгеше өрнектеуге шеберлік те  бәрі ұштасып келетіні анық көрінеді.Абайдың көркемдік ойлаү, бейнелеп айту, суреттеу тәсілі мүлде жаңа, даралық стилі еркін. икемді, поэзиядағы қалыптасқан, дайын үлгілерді қайталамайды, Осының өзі-ак оның поэзиясына жаңашылдык, сипат дарытады. Ол қазақ поэзиясының мазмұндық ауқымын, тақырыбын кеңейтті, әдебиетте жаңа жанрлык түрлер туғызды. Халықтың сөйлеу тілініңі. қазақтың ауызекі ақындық және ән өнерінің байлығын кең пайдалана отырып, ол өлең сөздің шеберлік кұралдарын жетіллірді, өлеңдік өлшемінің интонациялық -ритмикалык, байлығыні терең ашып көрсетті, жаңа ырғакты, үйлесімді өлең үлгілерін енгізді, ақындық тілдің образдылық-бейнелеу, стилистикалык мүмкіндіктерін молықтырды. Қазақтың ақындық тілін әдеби тілін ұстартып жетілдірді, әдеби тілді биік  жаңа  сапаға  көтеріп, жаңа үлгіле калыптастырды. А.С. Пушкин. М.Ю. Лермонтов. т.б. ақындардың шығармаларын шеберлікпен аударып, қазақ әдебиетін жаңа ой орамымен байытты. Пушкиннің "Евгений Онегинінен" бірнеше үзінді-нұсқаларды таңдап алып, "Татьянаның хаты", "Ленскийдің сөзі" атты өлеңдерін шығарды. Лермонтовтың "Ой", "Жолға шықтым бір жым-жырт түнде жалғыз", "Қанжар", "Теректің сыйы", "Асау той, тентек жиын, опыр-топыр", "Жартас", "Өзіңе сенбе, жас ойшыл", "Альбомға" өлеңдерін казақтың төл туындысынша сөйлетті. Бұл шығармалар Абайдың ой көрігнде кайта қорытылып жаңадан дүниеге келген туындылар еді. Мыс., Абайдың Лермонтов мәтінін казақша жеткізу әдістері әр түрлі.

Ал қалған жартысы еркін аудармалар. Мыс., "Ой", "Теректің сыйы" сияқты елеңдер. Абай жеке сөздерді, сөйлемдерді аударғанда алшақ кеткен тұстары бар дегеңде, көбірек айтылатыны өлеңнің алғашқы шумағындағы: "Арыстанның жалындай бұйра толқын, Айдаһардай бүктеліп, жүз толғанып", - деп келетін тармақтар. Бірақ осындағы "айдаһардай бүктеліп" дегенін еркіндікке жатқызсақ та, "арыстанның жалындай" дегені Лермонтовтың баска бір шығармасындағы: "И Терек, прыгая как львица, Абайдың замандастары - Дүтбай Уандыкұлы, Ысқақ. Солтабайүлы және інісі Оспан Құнанбайұлы  аударманың түп нұсқаға жақындық. дәрежесі ылғи бірдей емес. Бара-бар, дәлме-дәл аудармаларында Абай  Лермонтов шығармасының ішкі әлемін, оның толқын лебізін, жаңа саласын казақ тілінің суреттеу мүмкіншіліктерін пайдаланып, мол жеткізеді. Барлық жарастық сәнімен казақ тілінде қайтадан туғызады. Солардың катарына "Альбомға", "Жолға шықтым бір жым-жырт түнде жалғыз" сияқгы өлеңдерін жатқызуға болады.

"С косматой гривой на хребте,"- деп келетін сөздермен үндес екені байкалады. Және жал арыстанда ғана болатынын Абай  дұрыс ескерген ("львица" деп жаңылыс айтылған ғой). Абайдың аударма жасауға тереңдікпен, шеберлікпен, жауапкершілікпен келгенін байқайсыз. Абай аудармалары казақ поэзиясының өркендеп өсу жолындағы баға жетпес зор табысы болды. Абай - мысал өлеңдердің де шебері. Қазак, халқының сол дәуірдегі өмірінің шыншылдықпен суретгеуге, әр түрлі топтар өкілдерінің мінезін, іс-әрекетін дәл көрсетіп, сатиралық бейнелер жасауға сөз өнерінде мысал жанрынан аскан көркемдік құрал жок, Абайдың мысал өлендері Крылов шығармаларынан аударма деп саналып жүр. Алайда осы өлендерді талдап танығанда мысалдың өзіндік жанрлық ерекшелігін ескеру қажет. Мысалдары толық мағанасындағы аударма емес, көбінесе, белгілі бір сюжет еркін баяндалады. Абай  мысалдарының тағы бір дені ауыз әдебиетінен бастау алып, әлем халықтары әдебиетіңде кеңінен тараған ежелгі танымал мотивтерден тұратындығы. Ортақ сюжетке жазыла берер мысал жанрының типологиялық дәстүрін сақтай отырып, сол сюжетке мысал жазған ақындармен жарыска түскен: "Қарға мен түлкі" ( Эзоп, Федр, Бабрий, Крылов, Абай, Ыбырай, Әлихан, Ахмет, т.б.), "Құмырсқа мен шегіртке" (Эзоп, Федр, А. Құрманбаев, Абай, Әлихан, т.б.). Бұдан, Аарне және Томпсонның дүние жүзілік ертегілер каталогындағы сюжеттердің (сюжет ауысу теориясы) мысал жанрында әлем жазушыларының шығармаларында көрініс тапқанын байқап отырмыз. Абай мысалдары Крыловтан аударма емес, ортақ сюжетке жазылған төл шығармалар. Абай "Масғұт", "Ескендір", "Әзім" поэмаларын жазған. Олардың үшеуі де шығыс халқына ортақ сюжетке құрылған. Бұларға қоса, ол Лермонтовтың "Вадим" атты көлемді прозалық шығармасын және "Демон" поэмасын өлеңмен аударуға кіріскенін ескерсек, поэма жанрындағы акынның шығармашылық ізденістері аз болмағанын көреміз. Бұл екі аудармасы мен "Әзім" поэмасы бізге толық жетпегендікген, нақтылы байлам жасау қиын. Ал "Масғұт" пен "Ескендір" туралы айтсақ, олардың өзгешелігі, бұрынғы осы сюжетке жазылған поэма-дастандар ізін кумай, баскд калыпта жазылуы поэмаларға даралық сипат берген.  Абай - әлемге көзкарасы калыптасқан, өзіндік философиялық түйіндері бар ғұлама. Ақынның рухани, даналық мұрасы терең мағыналы философиялық  идеяларға толы. Ол күллі Шығыста филосфияның негізгі мәні болып табылатын "жетілген адамды" өзекті және басты проблема етіп қарастырып, соған айрықша көңіл бөлді. Адамгершілік туралы ілімді дамыта отырып, адамды адамгершілік, кісілік тұрғысынан жетілдіру принциптерін, ұлттық эстетика мәселелерін алға тартты. Адамның шексіз танымдық мүмкіндіктері жөнінде, білім мен ғылымның әлеуметтік  рөлі туралы, адамтану мәселелерін көтерді.

Даналықтың өлшемі бола білген философ-ақынның рухани мұрасы  шын мәнісінде, казақ халқының зерделі ойы мен өмірі тұрғысындағы энциклопедця секілді. Абайды танып, белсенді игере отырып, сол кездегі казақ қоғамының экономикалық, саяси, кұкықтық, отбасылық, мәдени-тарихи, моральдық хал-жайынан айқын да толык мағлұматтар алуға болады.

Ақын шығармалары сусындаған негізгі үш қайнар көзді айтатын болсақ, ол ең алдымен Абай қазақ елінің ұлтгық рухы мен менталитетін, оның көкейтесті арманы мен даналық ойларын абыздық көрегеңділікпен, өлеңмен өрнектеуді қазақ эпосынан үйренді. Сондай-ақ Абайдың жүйелі ойларының үлкен бір арнасының калыптасуына Шығыстың рухани қазынасының да ықпал-әсерінің аз болмағандығы сөзсіз. Өйткені ол күллі араб пен парсының батырлық дастаны мен жырларын, Шығыстың атағы жер жүзіне мәшһүр классик ақындарын, Әбу Жафар Мүхаммед ат-Табари, Рабғузи, Рашид әд-Дин, Бабыр Захиреддин Мұхаммед, Әбілғазы Баһадүр ханның тарихи еңбектерін, сондай-ак, логика ғылымының негіздері мен мұсылмандық құқық, Шығыстың шариғат кағидаларын ұғындыратын ғұламалар еңбектерін жетік меңгерген. Сол еңбектерді түпнүсқасында оқитын жан-жақты білімдар, ғұлама болған. Араб, парсы, түркі тілдеріндегі білім көздеріне Абай ерекше көңіл аударады. Айрықша қабілетінің аркасында, араб, парсы тілдерін өз бетімен жүйелі түрде оқып, игереді. Сөйтіп ол Ә. Бөкейханов айтқандай, қасиетті кітаптардың білімпазы атанады. Отырардан шықкан және Шығыстың екінші ұстазы атанған ғүлама ғалым Әбу Наср әл-Фараби философиясы Абайдың дүниетанымын қалыптастырып дамытуда елеулі рөл аткарған.

 Ақынның шұрайлы филос. ойлары, негізінен, шығыс ойшылдары мен ақындарының кемел пікірлерін айрықша шеберлікпен игергендігін көрсетеді.Орыстың қоғамдық-филос. ақыл-ойы ақынның эстетик. көзқарасының қалыптасуына елеулі әсер етгі. Сондай-ақ басын сонау антикалық ежелгі заман мәдениетінен алатын Батыс Еуропа мәдениеті Абай дүниетанымының даму процесінде тарихи сабақтастық желісін атқарды. Казақ кемеңгері Сократ, Платон, Аристотель еңбектерімен жақсы таныс болды. Сонымен катар ол Спенсердің "Тәжірибелерін",Льюистің "Позитивтік фило-софиясын", Дрепердің "Еуропа ақыл-ойының даму тарихы" атты туындылары мен Милльдің, Бокльдің және тағы басқа көптеген авторлардың да шығармаларын оқыған. Батыстың өркениеті мен философиясы, қоғамдық ойдың даму тарихы, ғылымы мен мәдениеті Абайдың рухани есею жолында елеулі рөл аткарып, Батыс пен Шығыс мәдениеттерін оның өз дүниетанымында тамаша ұштастырды. Абайдың негізгі зерттеу объектісі -адам. Сол адамның эстетик., этик. талғамы, арман-мақсаты, өмірінің мәні, сезімі мен түйсігі, болмысы мен ұлттық ойлау ерекшелігі ұлы ойшылды терең тебіреніске түсірген. Шығыс ойшылы ретінде Абай адам проблемасын үлкен ауқымда, яки қоғамдық, руханилық, құндылық, этик., эстетик. тұрғыдан зерделеді. Ол адам табиғатын этик. тұрғыда қарай отырып, "сегіз қырлы, бір сырлы" сырбаз адам, яки кемеліне жеткен, "толық адам" кейпінде алға тартады. "Абайға шығыстан кірген бұйымдардың басы ислам діні", - дейді Әуезов. Шындығында, Абайдың "жан сыры", "жан құмары", "жан куаты", "жанжарығы", "хауас", "хауас сәлим", "хауаси хамса", "хауаси хамса заһири", "толық адам", т.б. филос. ұғымтанымдар жөніндегі көзқарасы Ислам филос-сын терең танығанын байкатады. "Әрбір ғалым - хакім емес, әрбір хакім - ғалым", "Адаспай тура іздеген хакімдер болмаса дүние ойран болар еді" -  деген пікір - ғұламаның филос. көзқарасы. Жалпы, Абайдың . көркемдік, әлеум. гуманистік және дінге көзқарастары терең білінген еңбегі -  қара сөздері . Абайдың қара сөздері (Ғақлия) - ұлы ақынның сөз өнеріндегі көркемдік куатын, филос-дағы даналық дүниетанымын даралап көрсететін классикалық стильде жазылған прозалық шығармасы. Жалпы саны қырық алты бөлек шығармадан тұратын Абайдың кара сөздері тақырыбы жағынан бір бағытта жазылмаған, әр алуан. Оның алты-жеті үлгісі қысқа болса, қайсыбіреуі мазмұн, тақырып жағынан өзгешелеу, ауқымды болып келеді. Абай өзінің қара сөздерінде шығарманың ажарына ғана назар аударып қоймай, оның тереңдігіне, логикалық мәніне зер салған. Сөйтіп көркемдік шеберлік пен ғылыми зерделік арқылы көркемдік сана мен филос. сананы ұштастырады. Абайдың қара сөздеріндегі гуманистік, ағартушылық, әлеум. ойлары дін туралы пікірлерімен бірігіп, тұтас бір қазақ халқының филос. концепциясын құрайды. Абайдың кара сөздері сондай-ақ жалпы адамзат баласына ортақ асыл сөзге айналды. Оның кара сөздерінің бірнешеуі ең алғаш 1918 ж. Семейде шыққан "Абай" журналында жарық көрді. Кейіннен, Абайдың қара сөздері орыс, қытай, француз, т.б. көптеген әлем тілдеріне аударылды.

Абай  муз. саласында да мол мұра қалдырып, казақтың муз. өнерін дамытты. Қазіргі уақытта ақынның 27 әнінің 36 нұсқасы нотаға түсірілген. "Абай қазақтың ән-күй творчествосын ерекше бағалаған. Бірақ ән атаулының бәрін қабылдамай, оның да "естісі мен есері барын" айтып, "Қүлақтан кіріп бойды алар, Жақсы ән мен тәтті күйді" ғана ұнатқан. Бүкіл шығыстың, орыстың, қазақтың  халықтық әдебиетін терең зерттегеніндей, Абай  қазақтың халық ән-күйлерін жете білген. Біржан сал, Ақан сері, Тәттімбет, Жаяу Мұса сынды халық композиторларының ән-күй дариясынан сусындап, әншілік-күйшілік өнерді ерекше бағалаған. Абай тек тындаушы ғана болмай, өзі де ән шығарған. Абайдың ән творчествосы қазақтың халық муз-ның тарихында ерекше орын алады. "Сегіз аяқ", "Қор болды жаным", "Айттым сәлем, Қаламқас"  "Ата-анаға көз қуаныш", "Сұрғылт тұман", "Желсіз түнде жарық ай", "Мен көрдім ұзын қайың құлағанын", "Амал жоқ, қайттым біддірмей" ("Татьянаның хаты"), "Қараңғы түнде тау калғып", "Ішім өлген, сыртым сау", т.б. әндері арқылы ол халықтың ән творчествосын сан жағынан байытып қана қойған жоқ, сондай-ақ казақ поэзиясында жаңа өлшем, жаңа түр тапқаны сияқты, қазақ әніне де жаңа әуен - ырғақ, жаңа үн, өлшем мен түр ала келген жаңашыл композитор болды. Абай әндерінің бір саласы тек өз творчествосына ғана тән өлең өлшемдеріне сай соны ырғақпен өріс табады. "Сегіз аяқ", "Бойы бүлғаң", "Көзімнің қарасындағы" 4, 5, 6, 8 буынды өлең өлшемдеріне орай, олардың әні де халық муз-нда бұрын кездеспейтін өзгеше сазға құрылады. "Бойы бүлғаң" әнінің алғашқы жартысы өлеңнің жол санына орай цезуралар арқылы үшке бөлінсе, екінші жартысы өлең үйқастарына сай (бастым, састым, қаштым), іштей біртүтас сарында астасып жатады. Абайдың муз. ойы жаңа өлшемді, соны ырғақты өлендерінің негізінде туады:



Абайдың басқа халық композиторларынан ерекшелігі -қазақ әндерімен қатар, орыстың халық муз-на, қаланың демокр. ән-романстарына, М.И. Глинка, А.Г. Рубинштейн сияқты классиктердің вокалдық творчествосына құлақ түруі, содан үйренуі. Абай әндерінен орыстың, украин-ның халық әндеріне, романстық лирикалық үлгісіне, демокр. муз. дәстүріне сарындастық айқын сезіледі. Осы-ның нәтижесінде жаңа ырғақты соны әуенді әндер туады. Абайдың "Сұрғылт түман", "Мен көрдім ұзын қайың қүлағанын", "Өлсем орным қара жер...", т.б. әндері -казақтың ән творчествосында жаңалық ашқан шығармалар. Абайдың осындай шумақта келетін әндерінің бірі -"Қараңғы түнде тау қалғып". Бүл ән 4 муз. фразадан: -а+б+с+б құрылады да, соңғы с+б бөлімдері екі рет қайталанады:

 



 

 

Абай орыс классиктерінің шығармаларын аударып қана қоймай, сол аударма өлеңдерге ән де шығарған. Абай әндерінің үшінші бір саласы-осындай аударма өлеңдерінің негізінде шыққан әндер тобы. "Татьянаның хаты", "Онегиннің хаты" әндері - кезінде қазақ даласына кең тараған шығармалар. Бұл сияқгы әндер Пушкин поэзиясын қазақ тілінде өлеңмен де, әнмен де насихаттау ниетінен туғаны байқалады.



Абай  муз. өнерінде жалғыз болмаған. Оның айналасында ән-күйдің, өлең-жырдың қадірін білетін өнерпаз топ болған. Абайдың Петербургте оқыған баласы Әбдірахман мен ағайындас інісі Мұқа скрипкада ойнаса, Ақылбай, Әлмағамбет, Әйгерімдер әннің майын тамызған. Бұл топ Абайдың ән творчествосының жанашыр сыншысы да, орындаушысы да, таратушысы да болған. Сондықтан Абай ән шығаруға өзгеше жауапкершілікпен караған. Абай Жүбанов пен Л. Хамиди ақын Абай әндерін операға пайдаланса, Е. Брусиловскийдің "Жалғыз кайың", А. Жүбановтың "Абай" атты симф. поэмалары, С. Шабельскийдің фортепьянолық триосы, М. Скорульскийдің фортепьянолық квинтеті Абай әндерінің негізівде туды. Ұлы ақынның өлеңдеріне қазақ композиторлары М. Төлебаев, С. Мүхамеджанов, Н. Тілендиев, Н. Меңдіғалиев, Ә. Еспаев, М.Қойшыбаев, С. Тұрысбеков, т.б. композиторлар өздерінің ән-романстарын жазды. М. Төлебаевтың "Мен көрдім ұзын қайың құлағанын", Мұхамеджановтың "Жарқ етпес қара көңілім не қылса да" атты романстары -Абай сөзіне жазған вокалдық шығармалардың сәтті үлгілері. Ақынның муз. мүрасын жазып алу 20-жылдары басталды. Алғаш, А.Э. Бимбоэс Абайдың екі әнін (Мүстафа Нұрбаевтан "Сегіз аяқ", Нәзипа Құлжановадан "Татьянаның Онегинге жазған хатын") нотаға түсіріп алды. А.В. Затаевич, Е.Г. Брусиловский, Л. Хамиди, Б.Г. Ерзакович, А. Жүбанов, Қ. Жүзбасов, У. Бекенов, т.б. маман-зертгеушілер Абай әңдерін білетін адамдардан жазып алып, бүгінгі күнге жеткізді. Абай муз. мұрасын жинап, сақтауға Әуезов көп күш салды. Абай мұрасы қазақ мәдениеті мен әдеби тілінің дамуына үлкен ықпал жасады. Оның шығармалары басқа тіддерге аударылу арқылы дүние жүзіне тарады.Шығармалары орыс (1990, 1914, 1936, 1940,1945, 1951, 1958, 1972, 1980, 1981, 1983, 1985, 1995), өзбек (1945,1961,1970), татар (1949, 1981), қырғыз (1954), әзербайжан (1971), қарақалпақ (1955, 1985), түрікмен (1958, 1970), үйгар (1951,1972,1984), молдаван (1970), латыш (1970), украин (1977), ағылшын (1970, 1985), араб (1970), қытай (1955, 1955, 1983), монғол (1954), чех (1952, 1959), т.б. әлем тілдерінде басылып шықты. Қазақ әдебиеті тарихы салаларының бірі - абайтану ғылымы ақын мүрасын кең ауқымда зерттеу мәселесімен шүғылданады. Елімізде ұлы ақынға жасалған құрмет ерекше. Абай атында кала (Карағанды обл.), аудан (Шығ. Қазақстан обл), Семей, Қаркаралы қ-ларыңда, Жидебайда әдеби-мемор. музей-мұражайлар бар. Абайдың әдеби мұрасын студент жастарға тереңдей таныстыру мен оның шығармаларын ғылыми тұрғыда зерттеу мақсатында 1969 ж. Алматы МУ-нің (бұрынғы КазПИ-дің) қазақ әдебиет кафедрасы жанынан Абай кабинеті ашылған. Алматы, т.б. қалалардағы театрларға, көшелерге ақын аты берілген. Абай атында шың, асу бар. Абай қоры жүмыс істейді. Фильмдер, көркем шығармалар, зерттеулер жазылған. Казақтың классик жазушысы Әуезовтің бас кітабы - "Абай жолы "    ұлы ақынға арналған. Акын тұлгасы өзге де көркем-өнер туыңдыларына өзек болды. "Абай жолы" эпопеясы дүние жүзі халықтарының 116 тіліне аударылған(1993).






^ Мүсінші Сейіткерім Момышев:Абай бейнесін өзімше сомдауға тырыстым

– Сейіткерім мырза, шығармашылық интеллигенция ішінде бейнелеу өнерінің өкілдері нарық дәуірінің талаптарына тезірек бейімделіп кеткен тәрізді. Әлде сырт көзге солай көріне ме?
– Негізінде, шығармашылық адамына кәсіби білім және шығармашылық орта ауадай қажет. Басқасы бойдағы қабілет-дарынның деңгейіне, өзіңнің ізденгіштігіңе, ортада қалыптасқан шығармашылық атмосфераға байланысты деп ойлаймын. Бұрын Суретшілер одағының мүшелерінде шеберхана болатын, бәріміз сонда бас қосып, бір ұжым болып жұмыс істеуші едік. Сол ортада шығармашылық пікірталастар туындап, өзара бәсеке қызып жататын. Біріміздің еңбегімізді екіншіміз сынап, бағалап, салыстырып жатушы едік. Енді соның бірі де жоқ.
Нарыққа бейімделіп кеттік деу қаншалықты шындыққа жанасатынын білмеймін, әйтеуір әркім өз қазанында өзі қайнап жатыр. Біреуге кіріптар болғаннан Құдай сақтасын. Осы тұрғыдан алғанда ілгерілеу бар ғой. Еркіндік көбейді, көбейгенде, тіпті бізде ешкімнің шаруасы болмай кетті. Бұл да онша жақсы емес екен.
– Сонда қандай кемшіліктер жөнінде айтып отырсыз?
– Қазір біз өзімізбен өзіміз қалдық. Көмек беретін ешкім жоқ. Түптеп келгенде ешкімнен көмек күтпейміз де. Біздің күтеріміз – мемлекеттік тапсырыс. Сонан кейін еңбегіңді кәсіби, әділ бағалай білетін шығармашылық орта, білікті комиссия болса деп армандаймыз. Қолында билігі бар жеке бір шенеуніктің пікірі соңғы шешім болып жататын жағдайлар аз емес. Өнерге келер қауіп осыдан.
Бейнелеу өнерін, әсіресе, мүсін өнерін тану, талдау оңай емес, жалпы, жұрт жазушыны, журналисті, әншіні, сазгерді жақсы біледі, шығармаларын тез ұғынады, бағалайды. Ал бізді түсіну қиын. Астанада, Алматыда тұратындардың өзінде проблема көп. Аймақтағы бізді кім елей қойсын...
– Осындай қиындықтарға қарамастан, шеберханаңызда қызу жұмыс істеп жатқаныңызды көремін. Жеке адамдардың, заңды тұлғалардың кішігірім тапсырыстарынан басқа ауқымды жұмыстарды да атқарып жатқаныңызды көзі қарақты қауым жақсы біледі. Соңғы жылдардың өзінде Тараздың орталығында Ұлы Отан соғысының батыры Ағаділ Сухамбаевтың, Пушкиннің, Қаратау қаласында Ұлбике ақынның мүсіні дүниеге келуі – соның дәлелі емес пе?
– Менің шығармашылықпен айналысқаныма отыз жылдың жүзі болыпты. Содан бері қолымыздан талай-талай дүние шықты. Саны жағынан аз емес. Солардың әрқайсысының құжаттарын, көшірмелерін, тізімін түгендеп отыруға да құнтым жоқ екен. Кейбір дүниелерімнің жоғалып, не қолды болып кеткенін көргеннен кейін ойлана бастадым. Биыл үлкен ұлымыз Сұлтан Алматы қаласындағы Өнер академиясын мүсінші мамандығы бойынша бітіріп келді. Менің жолымды қуатын балам осы. Бұрынғы-соңғы жасаған түрлі жанрдағы еңбектерімді жинастырып, тізімдеп, ретке келтіруді де соған тапсырып отырмын. Сіз жоғарыда атап өткен еңбектер – соңғы жылдар жемісі. Менің әр жылдағы еңбектерім республикалық Орталық мұражайда, Ә.Қастеев атындағы өнер мұражайында, Мәскеу мен Петербор тәрізді қалаларда, Павлодардың тарихи-өлкетану мұражайында, өз облысымыздың жер-жерінде баршылық. Мысалы, «Ана мен бала» деп аталатын тас мүсінім Алматыдағы медицина училищесінің алдында, Шоқай датқа ескерткіші Саудакентте, Бауыржан бюсті Шуда тұр. Төле би, Керімбай болыс, Шона Смаханұлы бейнелері солардың атындағы мектептер алдында, Шәріпбай Сакиев, Тілек Ерғалиев, Мұхамедқали Табанов тәрізді өнер саңлақтарының мемориалды тақталары солар тұрған үйлердің қабырғасына орналасқан.
– Шеберханаңыздан ұлы Абай тұлғасын көріп тұрмыз...
– Менің ойымша, еліміздің қай түкпірінде болсын, ұлы Абайдың бейнесі тұруға тиіс. Өйткені халқымыз Абайға қарап оңы мен солын ажыратады. Көп жұлдыздың арасындағы адастырмас темірқазығымыз. Бұл өзі Тараз қалалық әкімшілігінің тапсырысы бойынша жасалып жатыр. Келісімшарт жасалған. Жұмыс негізінен аяқталып қалды. Ескерткіш Тараздың орталығына, Абай – Тәшкен көшелерінің қиылысына орнатылады. Тұғыры жасалып та қойылған. Ұлы Абай бейнесін өзімше сомдауға тырыстым. Ол ашылған кітапты бейнелейді. Бір жағында Абай бейнесі тұрса, екінші жағында «Біріңді қазақ, бірің дос, көрмесең, істің бәрі бос» деген даналық сөздері қашалған.
– Бір кезде туған қаламызда санаулы ғана ескерткіш бар еді, қазір саңырауқұлақтай көбейіп барады. Мұның бәрі 2000 жылдық тарихы бар көне шаһардың ажарын ашуға септігін тигізіп, мәдени деңгейіміздің өскенін білдіре ме?
– Әрине, ескерткіштер орнатуға талғампаздықпен қараған дұрыс. Оны жаппай жарысқа айналдыру зиян. Бұрын елді мекендерде, қалаларда құрылыс нысандары, шағын аудандар салынғанда бюджеттік қаржының 2 пайызы безендіру, көріктендіру ісіне, шағын архитектуралық формалар жасауға бөлінетін еді. Ендігі жерде осы бір жақсы үрдіс ұмытылып барады. Бір өкініш осы.
1989 жылы қаламызда «Ұлы Жібек жолы – бейбітшілік пен прогресс жолы» деген девизбен халықаралық симпозиум өтіп, сонда АҚШ, Германия, Англия, Түркия, Әзірбайжан, тағы басқа елдерден келген түрлі ағымдағы мүсіншілер бір ай бойы Атшабарда тастан қашап, түрлі бейнелер жасады. Сөйтіп, Тараздың Атшабар аталатын тарихи аумағында тас мүсіндер шоғыры пайда болып еді. Осы бір жақсы бастама кейін аяқсыз қалды. Көне шаһардың көркін осындай тас мүсіндер аша түсер еді.
Система контролю навчальної успішності студентів - Робоча навчальна програма Дисципліни "Історія української культури"...,
Ю. М. Орлов Орлов Ю. М. Восхождение к индивидуальности: Кн для учителя. М.: Просвещение, 1991. 287 с. Книга - страница 13,
Гендерное образование - страница 5,
Задачи и метод анализа 64 Предельно простая ситуация общения 64 - страница 7,
23 ноября 2010 года - страница 49,
Оптимизационное моделирование профессиональной подготовки студентов аграрного вуза 13. 00. 08 теория и методика профессионального образования - страница 4,
Гуревич П. Философия культуры - страница 5,
Тесты по курсу: «Анализ и аудит» Тема Анализ показателей производственной программы > Незавершенное производство входит в состав показателя: валовой продукции - страница 6,
2 Средний размер арендной платы за земельные участки в расчете на 1 кв м. по видам разрешенного использования на территории г - страница 18,
Государственное образовательное учреждение высшего профессионального образования «башкирский государственный медицинский университет федерального агентства по здравоохранению и социальному развитию» - страница 3,
Развлекательные программы на ферме «ивановка» - страница 4,
Деньги, кредит, банки, биржевое дело. Часть 1 (учебное пособие) - страница 4,
ДРУГОЕ ТВ - Риа "Новости", 15. 10. 2008 12,
Клинические лекции по офтальмологии - страница 8,
Законами України - страница 70,
Лекции по дкб селищева А. С. Последнее - страница 8,
4.4. Українська книга як жертва неукраїнської влади - Пірен М. І. Куць О. М., Заблоцький В. В. Мовна політика в...,
Методические рекомендации по описанию икт-проектов с использованием справочных моделей Архитектуры электронного государства. Москва 2005 г - страница 31,
Разработка новой программы тренинга руководителей 30 Проблема мотивации в социально-психологическом тренинге 35 Раздел 2 теоретико-методологические основы социально-психологического тренинга 37 - страница 15,
Неизвестная история человечества/ Пер с англ. В. Филипенко. М-: Изд-во «Философская Книга», 1999. 496 с - страница 12,
Литература - В. Н. Мясищев и психология отношений,
Кодекс Республики Казахстан - страница 18,
Зарегистрирован в Государственном реестре Госстандарта России 03. 06. 1996 г. № Росс ru. 0001. 04 Аи00 - страница 5,
8.5. Комитеты Совета директоров - Годовой отчет открытого акционерного общества "северо-западный телеком" за 2009 год,